«Жақсылық жасайық» науқаны
Мейірімділікті жеке үлгімен тәрбиелеу керек. Баланы жақсы іс-әрекеттері үшін ынталандыру және бірлескен игі істерге тарту керек. Біздің балабақша осымен екінші жыл қатарынан «Жақсылық жасайық» қайырымдылық науқанын өткізіп келеді. Оның мақсаты - педагогтер мен ата-аналардың балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне күш-жігерін біріктіру, ортақ игі іс жасаудан жағымды эмоционалды жауап тудыру.