1 мамыр - бірлік, ынтымақ күні жасасың!
1 мамыр мерекесін барлық ұлттар көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады. Себебі 1 мамыр - "Бірлік күні". Осы мерекеге орай біздің балабақшамызда әр топта "1 мамыр - бірлік күні" атты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балалар үш ұлттың, яғни қазақ ұлтының, украин ұлтының және өзбек ұлтының ұлттық киімдерін киіп, би билеп, ойын ойнап, дастархан жайды. Балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйладық.