Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Адрес: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2014 жылдың 1 қыркүйек күні
04-09-2014 10:39
2014 жылдың 1 қыркүйек күні

Біздің мектепте  « Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» тақырыбына 2014 жылдың 1 қыркүйек  күні салтанатты мереке өтті.    Мерекеге  ардагер  мұғалімдер, құрметті қонақтар, ата-аналар ұстаздар мен балалар қатысты.  Мектеп алаңына оқушылар, сынып жетекшілері мен мектеп қызметкерлері жиналып, Білім күніне арналған салтанатты жиынға сапқа тұрды. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының туы енгізіліп,барлығы қолдарын жүректеріне қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады.  

Мектеп директоры - Иманбекова Ғ.М.,  ардагер ұстаздар  Кривощекова Т.У., Аксенова В.Ф.  оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.  Бірінші сынып оқушылары  қонақтарды тамаша тақпақтарымен қуантты.

 11 сыныптың оқушылары Баканов М, Татарченко С. және 1 сынып оқушылары  Назарбаев Әмір,   Абилова  Айсана  жаңа оқу жылының басталғанына орай сыңғырлай соғылған қоңырауды қолдарына ұстап,  дәстүр бойынша  шеңберді айналып шықты.