М. Мақатаев оқулары
Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына арналған оқулары өткізілді. Осы шараға бастауыш сыныптарының оқушылары қатысты. Отан, ана, бақыт, табиғат, өмір тақырыптары бойынша өлеңдер оқылды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 3 сынып оқушысы Батырхан Назерке, 1-ші орынды 3 сынып оқушысы Кәбдікәрім Мөлдір, 2-ші орынды 3 сынып оқушысы Гилазов Ильфат, Назымбекова Жадыра, 3-ші орынды 2 "Б" сыныбының оқушысы Қайтдар Аяжан, 2 "А" сыныбының оқушысы Қалқабек Бекжан, 1 "Б" сыныбының оқушысы Садуақасова Баян иеленді.