"Доброта спасет мир!" атты пікірталас
"Өзін-өзі тану" декадасын тойлау шеңберінде мұғалім А.И. Прохоренко жоғары сыныптарында "Доброта спасет мир!" тақырыбына мектепшілік пікірталас өткізді. Пікірталас дегеніміз не? Пікірталас - түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталас мақсаты жастардың назарын түсіністік, тілектестік, мейірімділік проблемаларына аудару. Рөльдер келесі тәртіпте бөлінді: таймспикер, 3 адамнан 2 команда ("қабылдау" және "мойындамау" командалары), сарапшылар (3 адам), көрермендер. Ойын Карл Поппер пікірталасының үлгісі бойынша жүргізілді.