Телефон доверия
+77075267489
email: sosh1@goo.edu.kz
Адрес: Индекс 140001, г. Павлодар, ул. Малайсары батыр, 3
Приемная школы: 8 (7182) 62-60-18, Учебная часть: 8 (7182) 62- 10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 15.00 - 18.00 Четверг - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Круглый стол "Ұлылармен ұлықталсын - Туған жер!"
02-10-2018 14:57
Круглый стол

2018 жылғы қыркүйектің 28-і күні Павлодар қаласының №1 жалпы беру білім беру орта мектебінде « Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар өткізу шеңберінде « Ұлылармен ұлықталсын – Туған жер !» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын дұрыс қолдану, туған жерге , елге , тарихымызды құруға үлкен үлес қосқан биік тұлғалардың білім-тәлімін дәріптеп үйрену, қастерлеу, әдебиет пен мәдениетіміздің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып , көңілге тоқуларына ықыласын арттыру, Патриоттық сезімін оятып , тілін , Отанын , елін , жерін сүюге , салт-дәстүрін , тарихын құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: « Ұлылармен ұлықталсын – Туған жер!» - айдары
« Ертіс өңірінің әдеби өмірі» - атты жергілікті Павлодар облысының ақын – жазушылардың шығармашылығын көрнектейтін кітап , баспасөз беттерінен алынған деректерден жинақталған кітап көрмесі.
Дөңгелек үстелге арнайы қонақтар: ақын , Қазақстан жазушылар Одағының Павлодар облысы бойынша директоры , Баянауыл ауданының құрметті азаматы Арман Қани, профессор , Машһұр Жүсіп танытушы , бірнеше мемуарлардың авторы Айтмұхамбет Қасымханұлы Тұрышев және Иса Байзақов атындағы филармонияның әншісі Жанболат Байсолтан болды.
Ертіс өңірі – қазақ ақындарының , атақты батырлар мен билер , ақын – жазушылар мен ғалымдардың , шешендік өнер шеберлерінің отаны. Бұл маңызды іс-шара барысында да келген қонақтар сол жерлестеріміздің еңбектері мен біздің әдебиеттің қалыптасу жолындағы атқарған ролі туралы ой қозғады. Және де шығармашылықтарына түрткі болған дүниелерді қызықты әңгіме барысында баяндап , балаларды қызықтырған мәліметтерге қанықтырды.
Бұндай әңгімені зерттеушілердің аузынан есту балаларға өте маңызы зор оқиға болып, ұмытылмас әсер қалдырды. Және де оқушылар И. Байзақов филармониясының әншісі Жанболат Байсолтанның орындауында Естайдың «Құсни Қорлан» әнінтамашалады.
Мектеп директоры Азамат Жанайдарович Сыздықов қонақтарға алғыс білдіріп , бұл іс-шараға қатысқан әр оқушыға шығармашылық орта құруды және оқушылардың өз бетінше жерлестеріміздің шығармаларын оқып, танымдық қызығушылығын арттыруға, туған өлкенің тарихымен тереңірек танысып, коммуникативтік қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететіні жайлы атап өтті.