Логикалық тапсырмалар
2019 жылы ақпан айының 19 жұлдызында Павлодар қаласының 1 ЖОББМ бастауыш бірлестігі апталығы аясында оқушылардың ойлау қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызығушылығын артыру және логикалық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 3 - 4 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен математика пәндерінен кешенді мектепішілік логикалық олимпиада өтілді.
Логикалық олимпиадаға 21 оқушы қатысып , 4 оқушы үздік нәтиже көрсетті. 4 Б сынып оқушысы Дүйсенбек Мөлдір және Қадырбай Айымгүл, 3 А сынып оқушысы Кушербаева Адия, 4 А сынып оқушысы Алимжанова Аяжан.