"Күз сыйы" атты көрме
Павлодар қаласы 1-ші орта мектебінің шағын орталығында "Күз сыйы" атты көрме өтті. Аталмыш көрмеде мектепалды даярлық және ересек топтарынан: Мереке Ералы, Ибадуллин Альмухан, Оркенов Ғалымжан, Ерғанатов Бақытжан, Сыздықов Айдар, Жанайдар Ислам, Ахметова Айлана сынды тәрбиеленушілеріміздің ата - аналары белсенділік танытып, ерекшеленді. Ұжымымыздың атынан барлығына алғысымызды білдіреміз!