№1 мектеп кітапхана қызметінің басты мақсаты - оқырмандарды,жас ұрпақты қазақ ұлттық өнерімен, әдебиетімен, поэзиясымен терең таныстыру, музыка, бейне, сәулет, театр, кино, қол өнері жанрлар туралы кең білім беру және рухани байлыққа, мәдениеттілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу, жерлес әдебиет, өнер қайраткерлерінің шығармашылығын дәріптеу жұмысын жүргізу.
Сол мақсатты жүзеге асыру үшін №1мектеп кітапханасы кітапханалық жұмыстың әртүрлі әдісін қолданады...
Сол әдістердің бірі қаланың басқа кітапханаларымен бірлесіп ұйымдастырылатын іс-шаралар желісі.
2019 жылдың 22-қарашасы күні Мүбәрәк Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты музыкалық әдеби кешке №1 мектептің 5А,5Б белсенді қатысты және 6А сынып оқушылары Серік Алуа, Алдаберген Қарлығаш «Тәуелсіз қазақ қызымын» әнін орындап музыкалық кешті патриоттық әсерге, көтеріңкі рухқа бөлендірді. 2А сынып оқушысы Қырықбес Ақжан, ақынның «Түймедей ақ көзіммен» өлеңін мәнерлеп оқып, кеш қонақтарын сүйсіндірді. Балалар кештің құрметті қонақтары: ұлағатты ұстаз, тіл және дін жанашыры, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан, «Ұлағат» ақсақалдар тағылым қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық еңбек белгісінің иегері Ульян Мақұлұлы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Аққулы ауданының құрметті азаматы, жазушы Ақын Алақанұлы, Білім саласының үздігі, зейнеткер Аккузинова Бақжамал Ағынқызымен жақын танысып тәрбиелі, өсиетті әңгімелеріне қанық болды. Мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Х. Касимова ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жүргізді.