Телефон доверия
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Адрес: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кітаптар әлемінде
25-11-2019 13:53
Кітаптар әлемінде

№1 мектеп  кітапхана  қызметінің  басты мақсаты - оқырмандарды,жас ұрпақты  қазақ ұлттық  өнерімен, әдебиетімен, поэзиясымен терең таныстыру, музыка, бейне, сәулет, театр, кино, қол өнері жанрлар туралы кең білім беру және рухани байлыққа, мәдениеттілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу, жерлес әдебиет, өнер қайраткерлерінің шығармашылығын дәріптеу жұмысын жүргізу.

Сол мақсатты жүзеге асыру үшін №1мектеп кітапханасы кітапханалық  жұмыстың  әртүрлі әдісін қолданады...

Сол әдістердің бірі қаланың басқа кітапханаларымен бірлесіп ұйымдастырылатын іс-шаралар желісі.

2019 жылдың 22-қарашасы күні Мүбәрәк Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп  ұйымдастырылған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты музыкалық әдеби кешке №1 мектептің 5А,5Б белсенді қатысты және 6А сынып оқушылары  Серік Алуа, Алдаберген Қарлығаш «Тәуелсіз қазақ қызымын» әнін орындап музыкалық кешті патриоттық әсерге, көтеріңкі  рухқа бөлендірді. 2А сынып оқушысы Қырықбес  Ақжан,  ақынның  «Түймедей ақ көзіммен» өлеңін мәнерлеп оқып, кеш қонақтарын сүйсіндірді. Балалар кештің құрметті қонақтары: ұлағатты ұстаз, тіл және дін жанашыры, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан, «Ұлағат» ақсақалдар тағылым қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық еңбек белгісінің иегері Ульян Мақұлұлы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Аққулы ауданының құрметті азаматы, жазушы Ақын Алақанұлы, Білім саласының үздігі, зейнеткер Аккузинова  Бақжамал Ағынқызымен жақын танысып тәрбиелі, өсиетті әңгімелеріне қанық болды. Мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Х. Касимова ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жүргізді.