Телефон доверия
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Адрес: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Мен Абайды таныдым"
19-02-2020 08:54

      2020 жылдың 14-ақпан күні қаланың барлық мектептеріндей 1-ЖОМ-мектебінде де "Абай күні" өтті.Мектебіміздің әр қабырғасында Абай сөзі сөйленді,жырланды,әндетті. 5,6,7 -сынып оқушылары "Мен Абайды таныдым"  деген тақырыпты талқылап,өз ойларымен бөлісті. Ой бөлісу сағатының құрметті қонағы ретінде: Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі, Май ауданының құрметті азаматы, Абай - құмар Рашит Бектемір ұлы Бектеміров арнайы шақырылды. Кітапхана  меңгерушісі Г.Х.Касимованың ұйымдастыруымен өткізілген бұл сағат өте қызықты өтті.Қатысқан балалар Абайды жаңа қырынан танығандай болып, өз ойларын,түсініктерін жарыса айтып, сабақтың шырайы әсерге толы болды.5"Б" сынып оқушысы Сағат Диляра Абайдың 31- қара сөзін жатқа айтты және өзіне бұл сөздің қандай пайдалы екенін түсіндіріп берсе, 3"А" сынып оқушысы Қайыркен Зере "Көзімнің қарасын" нақышына келтіріп орындады.Сабақ соңында мектеп директоры А.Ж.Сыздықов қонаққа алғысын білдіріп,бұндай кездесулердің жас ұрпақ тәрбиелеу барысында пайдасы зор,маңызды екенін білдірді.