Денсаулық күніне
№39 мектепте 1-11 сыныптарда Денсаулық күніне арналған тәрбие сағаттары өтті. Дене шынықтыру мұғалімдері сабақтарында сергіту сәттерін жүргізді. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі ойындарға белсенді қатысты. 2-4 сынып оқушыларына «Веселые старты» ұйымдастырылды. Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында өздерінің күштерін, шапшаңдығын спорт жарыстарында көрсетті