Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 106
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 56
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
14-03-2023 20:11
ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Қазақстан Республикасында үштілді білім беруді дамытудың концептуалдық негізі» жобасы шеңберінде Қазақ киносы мен Тілдер апталығы негізіндеқазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-11 сынып оқушылары арасында әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Оқушылардың тілін мультфильмдер мен кино арқылы дамыту, сөздік қорын жетілдіру, сахналық мәдениетті арттыружәне отандық киноға деген сүйіспеншілікті баулу мақсаттарында түрлі шаралар апта бойына жалғасын тапты.

2-сынып оқушылары арасында З.Б.Жұмабекова, А.Б.Шарипова «Бауырсақ» ертегісін талқылау жұмысын өткізсе, Ә.М. Базарбай, Қ.Б.Шарбанова ертегі желісі бойынша қойылым қойды. «Өнерлі өрендер» ән сайысын 3-сынып оқушылары арасында Г.М.Бакирова Г.М., А.Қ.Ерғалиева өткізді. Ал 4-сыныптар арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп өлең оқу байқауын М.Н.Дәулетова, А.А. Усина және«Толағай туралы аңыз» ертегісін талқылауды Қ.О.Баталова ұйымдастырды.

5-сынып оқушылар арасында Г.Минап, И.Р.Гросс Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне негізделген фильм бойынша «Кейіпкерлер әлемі» шығармашылық алаңын өткізді. 7-сынып оқушыларымен «Қазақ киносының тұлғалары» атты тарихи-этнографиялық викторинаны Л.М.Искакова, А.С.Абельдинова ұйымдастырды. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің желісіне негізделген фильм бойынша «Кім кінәлі?» дөңгелек үстелді 8-сынып оқушыларының арасында Ә.М.Базарбай, В.Х. Якубова ұйымдастырды. 9-сыныптар арасында К.Б.Каббасова, Ж.К.Темірбаева «Кино әлеміне саяхат» атты шығармашылық кеш өткізсе,І.Есенберлинннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген «Көшпенділер» фильмі бойынша А.М. Сейтқазина 10-сыныптар арасында пресс-конференция шарасын сәтті ұйымдастырды.

Қазақ руханияты қайда десек, біз оны, әрине қазақтың тілінен, оның әдебиетінен табамыз. Сондықтан да бұл іс-шаралардың өтуіне ерекше мән бердік. Рухты жырларды, терең тарихты сіңіруге тырыстық. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралардың әлі де жалғасын табады.