«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті
4-мамыр күні мектебімізде Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу және Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Диктант жазуға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы саны – 654 оқушы.