5 қыркүйек күні №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.
Диктант қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай, «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» атты тақырыбындағы мәтінге жазылды.
Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу және мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткен шараға мектебіміз белсенді қатысты.