Павлодар қаласының оқушылары «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында 23 қазанда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Гладышева Светлана Анатольевнаның марапаттауымен «Тәуелсіздік ұланы» ақшалай сыйлығы және төсбелгісімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
9г сынып оқушысы Соколов Вячеслав «Тәуелсіздік ұланы» ақшалай сыйлығының иегері атанды және ол облыстық, республикалық және Халықаралық зияткерлік конкурстардың,олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпазы.
Құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз