«БАРЛЫҒЫ ҮШІН МЕРЕКЕ»
30 тамызда орталық алаңда ҚР Конституция күніне арналған мерекелік шеруге біздің мектептің қызметкерлерінің барлығы қатысты. Осы күні 9 В, Б, Е сыныбының оқушылары да көркем және мерекелік шеруге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Негізгі тудың ашылу салтанатына біздің бітіруші сыныптарымыз, болашақ түлектеріміз де қатысты. Бұл барлығына арналған мереке болды!