18 қыркүйек күні №39 орта мектебінде 5-сыныптар арасында «Мақал – мәтелдер» сайысы болып өтті. Сайыс тілдер апталығы аясында өткізілді. Мектептегі барлық 5-сыныптар қатысты.
Сайыс мынадай 6 бөлімнен тұрды: «Таныстыру», «Жалғасын тап», «Ойлан, тап», «Кім жылдам», «Капитандар сайысы», «Ғажайып қоржын».
Сонымен қатар, сайыстың арасында М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі»өлеңі мен М.Мақатаевтың «Апырым – ай, туған жер - ай» өлеңдері мәнерлеп оқылды.
Сайыс барысында оқушылардың көп ізденгені көрініп тұрды, себебі топ басшылары сайысында, мақал – мәтел айтып сайысудан оқушылар арасында екі сынып жеңімпаз болды.
Сайыстың қорытындысында сыныптар арнайы құттықтау қағаздарымен марапатталды. I орынды – 5 «д», II орынды – 5 «г», ал III орынды – 5 «б» сынып оқушылары иеленді.