«Мектепке жол», «Қамқорлық», «Павлодар балалары-ауыл балаларына» акциясын өткізу қорытындысы бойынша
Ақпарат
15 тамыз 30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» акциясын өткізді, оның мақсаты отбасы нашар оқушылардың жаңа 2011-2012 оқу жылына дайындалуына қолдау көрсету, қиын өмірлік жағдайда қалған отбасы мәселесіне назар аудару болып табылады.
Осы акцияның өту барысында 114 оқушы (оның ішінде қазіргі бірінші сыныптар бар) оқумен қамту қорынан 503480 тенгеге мектеп формасымен қамтамасыздандырылды.
«Рауан» өнеркәсіптік фирмасының директоры Мартынов Сергей Анатольевич әлеуметтік қорғалмаған 10 балаға қол ұшын созып көмектесуге ризашылықпен келісті. 15 қыркүйек күні оқушыларға 26000 тенгеге әртүрлі кеңсе қажеттіліктерін сыйлады.
Акцияға белсенді қатысқандар: 2г,е, 5е,7б, г, 8в, г, 9а, в, г, д, 10а, б, в, 11а, в.
«Қамқорлық» акциясының өту кезінде көпбалалы және нашар отбасы балаларына көмек көрсетілді.
Полигондық аудан балалары үшін Халықаралық Антиядролық Қозғалысының Павлодардағы филиалының «Невада-Семей» және «РЦ Самалдың» «Мейірімділік керуені» марафоны аясында «Павлодар балалары-ауыл балаларына» Акциясы (Май, Аққу, Баянауыл) өтті. Мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар назардан тыс қалмай акцияға белсенді қатысты.
Көптеген киімдер мен аяқ киімдер, ойыншықтар, кеңсе заттары жиналды. 2011 жылы 22 қыркүйекте 7 г сынып оқушылар Аққу ауданына барып қайрымдылық концертіне қатысты. Қарашада Баянауыл ауданына бару жоспарланып отыр.
Қарттар үйіндегі қарияларға киім-кешектер ыстық ықыласпен берілді және оқушылар «Сіздерге жылдар – қауіп емес» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
Сынып жетекшілерге, оқушыларға және ата-аналарға ерекше алғыс білдіреміз.
Осы мәселені шешуде сіздердің еңбектеріңіз – биік адамгершілік мәдениетінің куәсі.