№39 орта мектепте қазан айының 26-сы күні 2Б сыныпта Камзина Жанна Мәжитқызы «Күзде» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабаққа мектеп ұстаздары мен директор орынбасарлары қатысты. Сабақтың мақсаты: күздің негізгі белгілерін, табиғат ерекшеліктерін бақылату, әңгімелеп айтуға үйрету, баланың тіл байлығын дамытып, сөздік қорын молайту, алған білімдерін тиянақтау.
Жүргізу әдісі: әңгімелесу, әңгімелету, түсіндіру.
Қолданған көрнекіліктер: флипчарт, интерактивті тақта, презентация.
Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Мұғалімнің бағыт беруімен оқушылар сөз тіркестерін, сөйлемдер құра білді. Белсенді оқушылар күз тақырыбына презентация көрсетті. Бұл оқушылардың шығармашылық жұмыстары жаңа сөздерді меңгеруіне ерекше әсер етті. Жақсы жауап берген оқушылар бағаланды. Сабақ сәтті өтті. Мұғалім жұмысы «үздік» деп бағаланды.