«Сен және сенің құқығың»
2012 жылы 18 ақпанда «Сен және сенің құқығың» онкүндігінің аясында 5 «Д» сыныбында сайыс-ойын түрінде «Мен және менің құқығым» атты іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты -оқушыларды негізгі құқығымен таныстыру, сонымен қатар адам құқығына деген құрметті тәрбиелеу. Сынып 5 топқа бөлінді. Әр топта тапсырмалар болды, онда оқушылар өз құқықтарымен танысты. Іс-шара БҰҰ «Бала құқығын қорғау» Конвенциясы негізінде өтті.