2014 жылдың 19 қыркүйегінде №39 жалпы орта білім беру мектебінде тілдер айлығына арналған «Тіл – халық байлығы» атты 8-сынып оқушылар арасында конкурс өткізілді. Конкурсты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Минап Гүлбарша, Успанова Гүлнәр Рахмашқызы өткізді. Конкурс мынадай 6 айналымнан тұрды: «Танысайық», «Ойлан, тап», «Мың бір мақал», «Өнер алды –қызыл тіл», «Пәндер әлемі», «Тіл-тіршіліктің айнасы». Әр айналымда оқушылар қазақ тілі, әдебиет, ағылшын тілі мен орыс тілдерінен білімдерін ортаға салды. Ең бастысы, оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты жетік меңгергені, олардың тілге деген құрметі ерекше байқалып тұрды. Конкурс көрсеткендей әр адам өз елінің, жерінің, халқының мәртебесін биіктету үшін, алдымен, тілді жетік білуі қажет. Мемлекеттік тілге кір келтірмеу-парызымыз. Тіл тағдыры өз қолымызда.
Тілдер айлығы «Тіл – халық байлығы» конкурсы