«Күз мезгілі. Фонетикадан өткенді қайталау»
Қыркүйектің жиырма екісі күні тілдер апталығына арналған №39 орта мектептің 5 «е» сыныбында «Күз мезгілі. Фонетикадан өткенді қайталау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар бастауыш сыныпта алған білім, білік дағдыларын пысықтап қана қоймай, қосымша мәлімет алды және өзара алмасты.
Сабақ бірнеше кезеңдерден тұрды. Олар: үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты пысықтау, жаңа тақырыпты ашу, мәтінмен жұмыс, салыстыру тапсырмалары, фонетикалық талдау, аңа тақырыпты меңгеру, сергіту сәті және шығармашылық кезең. Сабақ соңында оқушылар өздерін бағалап, сабаққа қорытынды жасады. Сабақта қатысқан ұстаздар риза болып тарасты.