Азаматтық қорғаныс күнін өткізуіне байланысты, шаралар жоспары әзірлеген. Жоспар бойынша келесі шаралар өткізілді: 1-4-сыныптарында "Қауіпсіз тәртіп ережелері" тақырыбы бойынша сынып сағаттар, 5-8-сыныптарында "ТЖ болған кезінде қорғаныс негіздері" тақырыбы бойынша сынып сағаттар, 9-11-сыныптарында "ТЖ болған кезінде азаматтардың іс-әрекеттері және тәртібі" тақырыбы бойынша сынып сағаттар, 4,7,10,11-сыныптарында ашық сабақтар, "Құтқарушы мамандық" суреттер байқауы және "Жеке қорғаныс құралдары" көрме өтті. Суреттер байқауына 4,7-сынып оқушылары белсене қатысты. 4 Д сынып - 1 орынға ие болды, 4 Г, 7 Д - 2 орынға, 7 А сынып - 3 орынға ие болды. Сынып жетекшілері Г.Қ. Нұрекенова, О.А. Чучко, Г.А. Бейсекеева, Е.А. Серікова, Э.М. Жиентаева аталмыш шараға жауапкершілікпен қарады. 10,11-сыныптарына ашық сабағына ҚР ТЖМ Көкшетау Университетінің 4-курс студенті А.С. Қожайбергенов шақырылды және ол өз болашақ мамандықтың таңдауы туралы насихаттау әңгіме, Университет туралы шағын презентациясын жүргізілді.