"Алтын қақпа"
«Математика, физика және информатика» апталығы аясында 6А сыныбы оқушыларының арасында информатика пәнінен «Білімпаздар отырысы» өтті. Отырысты «Алтын қақпа» ойыны ойнатылды, оқушылар 3 топқа бөлініп, түрлі тапсырмалар орындады. Мысалы, оқушылар түрлі сұрақтарға жауап іздеп тапты, ұзын сөзден сөздер құрастырды, графикалық редакторда сурет салып, интерактивті тақтада тапсырмалар орындады. Ойын соңында ең көп ұпай жинаған «Перне» тобы жеңіске жетіп, І орынды иеленді. Ал ІІ орынды «Пайнт» тобы және ІІІ орынды «Модем» тобы өз қоржындарына салып әкетті.