«Мектебім - алтын бесігім»
Инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беру мектебінде 25 мамырдың жаймашуақ күнінде «Мектебім - алтын бесігім» атты алтын ұя мектебімен қоштасу салтанаты өтті. Соңғы қоңырау мерекесіне қалалық әкімнің орынбасары Иманслям Ержан Иманслямұлы қатысып, мектептен ұшқалы тұрған жас түлектерге жылы лебізін білдірді.
Оқушылар екінші үйі болып кеткен мектептері мен ұстаздарына жылы алғыс сөздерін айтып, қимастықпен қоштасты. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары жас түлектерге сәт сапар тілеп, ақ батасын берді. Алдағы үлкен сын – ҰБТ-да сәттілік тілейміз!
11 «А» сынып оқушылары