Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 106
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 56
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Білім күнін өткізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
23-08-2014 11:05
Білім күнін өткізу бойынша  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ

Жаңа 2014-2015 оқу жылы жақындады.Республиканың барлық орта білім беру ұйымдарында жыл сайынғы  дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында Білім күні өткізіледі.1 қырқүйекте Білім күні «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»тақырыбында өткізу білім алушылардың өз Отанына деген азаматтық, отаншылдық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге, тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, туған өлкесінің табиғатына ұқыпты қарауға, қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуына ықпал етеді.Білім күні – жаңа оқу жылында халық мұрасына деген шексіз құрмет, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуде жүйелі жұмыстарды жалғастыру, білім алушылардың өз Отанына құндылықты қатынасты қалыптастыру және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда маңызды.Бұл шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу.Білім күні іс-шараларды өткізгенде 2014 жылдың маңызды оқиғасын - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы  Мәңгілік ел – ұлттық идеясын негізге алу қажет. Негізгі акцент Жолдауда көрсетілген барлық қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің іргетасын қалайтын  басты құндылықтарға жасау керек.Қазақстан тәуелсіздігі мен Астана;қоғамымыздағы ұлттық бірлігі, бейбітшілік пен келісім;азайырлы қоғам және жоғары руханият;   

индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім;

Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;

тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

еліміздің ұлттық қауіпсіздігіжәне бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Қазіргі жағдайда білім алушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі маңызды және Қазақстан Республикасының жас азаматтарды тәрбиелеуде білім беру ұйымдарының рөлі артуда. 

Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші шығармашыл және дарынды, өз Отанын, елін, жақыны мен туғанын сүйетін нағыз азаматты тәрбиелеу. Жетістіктерге жету үшін балалардың және білім алушы жастардың  мұраты, қағидаты, дүниетанымына қажет білім мен ептілікті ғана емес, сонымен қатар өз елінің нағыз азаматы болу үшін  тұлғалық қасиеттерді дамыту.  

Өз Отанының азаматы мен патриоты болу дегеніміз, белсенді азаматтық позициясы болу дегеніміз. Өз құқықтары мен міндеттерін адал атқару. Өз өмірінің лайықты деңгейіне сай еңбекқор болу керек, сенің көмегіңе қажет басқалардың қамын ойлап, елінің өткеніне, бүгіні мен ертеңіне араласып, жауапты болуын сезіну керек. 

«Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»Білім күнін өткізудің негізгі мақсаты  -  тәжірибеде оқушылар өздерінің азаматтық позицияларын, әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін дамыту жағдайлары мен жағдаяттарын жасау, тұлғаны жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтарда, еліміз және оның батырлары үшін мақтаныш сезімін, туған тілді және  қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан Республикасының ұлыстары мен этникалық топтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Білім күні өтетін білім беру ұйымдарындағы шаралар Мәңгілік ел жалпыұлттық жалпықазақстандық идеясын ескере отырып, тәрбиелік жұмыс үшін импульс болуы қажет.

Мәңгілік Ел – бұл Қазақстан халқының ұрпақтары алдындағы жауапкершік, 30 дамыған елдің қатарына ену бұйырған ұлы және тұрарлық  Қазақстанның  даму стратегиясы. Мәңгілік елді құрудағы біздің бастамамыз тәрбиелеудің жаңа құндылықты моделі болып табылады, өйткені білім беруде басқа да өрістер сияқты, еліміздің болашақта тағдырын бүкіл халықпен жасауға тура келетін, балалар мен жастарды оқыту мен тәрбиелеуде оларға үлгі болатындай мысалдар қажет.

Осы мақсатта:

- Білім күнінің міндеттерін анықтау, оны сәтті өткізу үшін барлық жағдайларды қарастыру, материалдық қолдаумен және техникалық жабдықтаумен қамтамасыз ету;

салтанатты жиынды, алғашқы сабақты, сынып сағаттарын, қосымша білім беру және мәдениет ұйымдарының демалу-дамыту бағдарламаларына, әртүрлі экскурсияларға және тағы басқаларға оқушылар мен ата-аналардың қатысуы бойынша  бағдарламалар әзірлеу;

- пікірлестер тобын құру – мектептің өзін-өзі басқару мүшелерін,сынып жетекшілерін, жетекшілерді, музыка, бейнелеу өнерінің мұғалімдерін, қосымша білім беру педагогтерін және ата-аналарды жинау қажет.

 Білім күнін өткізу үшін ардагер-мұғалімдерді, ҰОС ардагерлерін, әртүрлі конфессиялардың өкілдерін, дарынды студенттерді, саясатта, ғылымда, мәдениетте, өнерде, спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген танымал жастарды шақыру ұсынылады.

Педагог қызметкерлерге әр түрлі шараларға балалардың белсенді қатысуына жағдай жасайтын түрлер мен нысандарды білім алушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдаулары қажет. Берілетін материалдың мазмұнына аса үлкен көңіл бөлу қажет, ол маңызды, оқушыларға түсінікті және оларға қажетті, олардың өмірлік іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс. Шараны ұйымдастыруда барлық оқу пәндерінің әлеуеттерін қолдану қажет.

Мәдениет құралдарын (музыканы, көркем өнерді, көркем әдебиетті) қолданған дұрыс. Оқушыларға концерттер, сұрақ-жауап сайысы, ауызша журналдар, реквием-кештер, саяхат-ойындар, спектакльдер қызықты.

Дәстүрлі жұмыстардан басқа, мектеп сайтының виртуалдық мүмкіндіктерін қолдану ұсынылады. Бұл ресурста байқау жұмыстарының суреттерін орналастыруға, әділ қазылардың жұмыстарын дистанциялық түрде ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Осы шараны өткізу барысында мемлекеттік рәміздерді, кітаптарды, альбомдарды, стендттерді, Қазақстан жөніндегі оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін, өздерінің шығармашылықтары мен қызметтері арқылы елімізді танытқан Қазақстанның тарих және мәдениет қайраткерлерінің порттреттерін қолдану кезінде (А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Б. Момышұлы, Ш. Қалдаяқов және тағы басқалар)тақырыпқа сәйкес кабинетті және мектептің басқа бөлмелерін безендіру қажет.

Білім сабағының басқа көріністерін елімізде алдағы уақытта болатын қоғамдық маңызы бар оқиғаларға  арнау ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы;

Қазақстан  Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы;

Ұлы Отан соғысында  кеңес халқы жеңісінің 70 жылдығы;

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу.

I-IV сыныптардағы алғашқы сабақтарда саяхат-сабақ, жарыс, ойын, сурет байқауларын, «Мәңгілік ел – менің арманым!», «Ел тағдыры – менің тағдырым», «Қазақстан – мәңгі ел!»  және т. б. музыкалық  іс-шараларды өткізу мақсатқа сай.   

Әңгіме өз туған өлкесінің табиғатының, көрікті орындардың  суреттерін көрсету арқылы жүргізілу қажет. Білім алушыларға Отаны туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіруді ұсынуға болады.  Сабақта еңбекте немесе ғылымда, әдебиетте, өнерде, спортта туған қаласының, ауылының жерлестері   туралы қысқаша әңгімелер айту.

5-9 сыныптарда ұсынып отырған сабақтың түрлері келесі тақырыптарға: «Біз қазақстандықтар - бірегей халықпыз»,"Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы", «Мәңгілік ел - біздің ұлы және лайықты Қазақстан» тақырыптарында оқушылар жобаларының тұсаукесерлері, атақты жерлестермен кештер, баспасөз-конференцияларын, фото-көрмелер өткізу ұсынылады.

Білім алушылардың мемлекеттік рәміздер мен гералдика тарихы туралы білімдерін тексеру үшін «Ашықтық, бейбітшілік және үміт нышандары» тақырыбында байқаулар өткізу өзекті болуы мүмкін.

 10-11 сыныптардадебат турнирі, іскерлік ойын, миға шабуыл,ғылымның және өнердің өкілдерімен кездесу және т.б. сабақтың түрлері ұсынылады.

Сонымен қатар, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жолының тарихына қосқан үлесі жөнінде «Уақыт пен өзі туралы» әңгімелесу, «Тарих ағымында» дөңгелек үстелді, «Қазақстан - сенің жетістіктерің» баспасөз орталықтары түрінде сынып сағаттарын өткізуге болады.

Жоғары буындарда сынып сағаттарының тақырып үлгілері: «Стратегия - 2050», «Көшбасшының жолы», «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың арманы», «Қазақстан – Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» және тағы басқалар.

Сынып сағаттарын өткізгенде тарих пен өңірдің қазіргі дамуы туралы материалдарды ұсынуы мақсатқа сай келеді.

Білім алушылар отандық әдебиеттерден, кинематогрофиядан, публицистикадан, поэзиядан үлгі алу арқылы өзіндік шығармаларын да  пайдалануы  мүмкін.

Бірінші сабақты дайындау және өткізуде білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін, айналадағы әлеуметтің, өңір ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты ұйымдастыру мен өткізуге білім алушыларды барынша қатыстыру қажет.

Сабаққа музыкалық шығармаларды, көрнекіліктерді, слайд-шоуды, мультимедиялық тұсаукесерлерді енгізу білім алушылардың ақпаратты эмоциялық-құндылықты қабылдауына әсер етеді. Қазақстандық ақындар мен прозаиктердің шығармаларын, өнер қайраткерлерінің, өлкетану материалдарының, «Бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты сәндік-қолданбалы көрменің, авторлық балалар жұмыстарының, анықтамалық материалдардың және т.б. жұмыстарын кең қолдану сабақтың тақырыбын толықтай ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Білім күні «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясының басты мақсатына белсенді қатысқан, еліміздің тағдырына жауапкершілік сезімі бар, ықпалдастыққа және мәдениаралық қатынасқа қабілетті, таңдауда өзіндік шешім қабылдай алатын білімді көшбасшы қасиеттері бар адамды қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан халқының бірігуіне елеулі үлес қосқан атақты мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерді шақыру; берілген тақырыпқа арналған көрмелерді, қабырға газеттерінің арнайы басылымдарын, плакаттарды, радиогазеттерді, мультимедиялық тұсаукесерлерді ұйымдастыру; көркем және деректі фильмдерді көрсету ұсынылады.

Балалар формалды емес қатынаста өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап ала алады, тарих, мамандық туралы өз білімдерін кеңейтеді.

«Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбы бойынша іс-шаралардың тәрбиелік әсер ететін басты шарты педагогтің жеке қызығушылығы мен позициясы, формалды емес тәсіл болып табылады. Білім беру ұйымы білім алушылармен белсенді тәрбие жұмыстарын жүргізе алатын орталық бола алатындай етіп Білім күнін өткізуді ұйымдастыруы қажет.