23 желтоқсан күні Астана қаласында 30 пилоттық мектептер арасында семинар өтті. Семинарға біздің мектеептің мұғалімдері: қазақ тілі мұғалімі Бакирова Гудьфира Мингалиевна, ағылшын тілі мұғалімі Перевёртова Елена Алексеевна қатысты. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен үш тілде білім беру мәселесі қозғалды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының Ұлттық қауымдастығының өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.