2016 жылғы 12 желтоқсан күні 5 сынып оқушылары арасында тарих апталығы аясында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында сурет жарысы өтті. Осы жарыстың мақсаты оқушыларға патриоттық сезімін ояту, адамгаршіліктің жоғары деңгейін қалыптасытру, жан дүниесінің дамуы және ұлттық дәстүрді сыйлау. Жарыста 20-дан астам сурет көрсетілді. Суретті тарих мұғалімдері А.А.Увалиев пен Б.Т.Ахмульдинов бағалады. Сабақтың соңында ең үздік суреттер алынды және шығармашылық жас таланттарды таныстыруға стендке ілініп қойылды. Оқушылар Отанға деген махаббатын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге деген сезімді, Қазақстан халқының көпұлтты мәдениетіне деген махабатты суретпен жеткізе алды. Нәтижесінде 5 "Г" сынып оқушысы Сафарметова Амина 1 орынға ие болды, 5 "В" сынып оқушысы Казинцев Михаил 2 орынға ие болды, 5 "Е" сынып оқушысы Слипич Алина 3 орынға ие болды.