Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына орай № 39 жалпы орта білім беретін мектебінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 11 сыныптарда «Қазақ халқының Ұлы баласы» тақырыбында конференция өтілді Конференция барысында әңгімелесу, сұрақ-жауап, ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығ туралы бейнефильм көрсету арқылы білімге деген құлшыныстары артты. Шығармашылыққа тәрбиеледік және өз ойын ашып, еркін сөйлеуге үйренді. Ы.Алтынсариннің шығармаларынан үзінділер оқылды. Жоғарғы сынып оқушылары өздерінің алған мектепке келген күндерін, алғашқы қоңырау мерекесін естеріне түсіріп, Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебін салыстыра отырып өз ойларын ортаға салды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Искакова Л.М.