«Мәңгілік ел» бағдарламасы аясында орындалып жатқан «25 игі іс» акциясы бойынша қаламыздың №39 жалпы орта білім беру мектебінде көптеген шаралар іске асуда. 6 «д» сынып оқушылары мұғалімдері Есембаева Бақтылы Иланбекқызымен «Ыбырай салған ұлы жол» атты әдеби кеш өткізді. Кеште оқушылар Ыбырай Алтынсариннің халық үшін жасаған игі істері жөнінде сыр шертіп, жаттап келген ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Көзге ерекше түсен оқушылар: Белгибаева Аделя, Жұмақанова Жұлдыз.