2016 жылғы 2 қараша күні № 35 мектепте
кіші мектеп оқушыларының IV облыстық математикалық турнирі өтті. Турнирге 39 топ қатысты. Олардың ішінде 12 топ дарынды балаларға арналған мектептер, аудандардан 16 топ, Павлодар қаласынан 4 топ, Екібастұз қаласынан 2 топ, Ақсу қаласынан 4 топ, Омбы қаласынан 2 топ - барлығы 117 оқушы қатысты. Турнир 2 этаптан құрылды. Жоғары, бірінші, екінші лигалар бойынша этаптар жазбаша түрде өтті. Екінші этап екі турдан өтті: жазбаша жеке және ауызша топпен. № 39 ЖОМ командасына 4 "Г" сынып оқушысы Куанов Руслан, 3 "Д" сынып оқушысы Сабиев Санжар, 2 "Д" сынып оқушысы Решетняк Алина шықты. Балалар барлық қиындықтардан лайықты өтіп, жоғары лигага өтті. Барлық көрсеткіштері бойынша № 39 ЖОМ 3 "Д" сынып оқушысы III дәрежелі дипломмен марапатталды. № 39 ЖОМ оқушысы Сабиев Санжар сені құттықтаймыз! Біздің мектептің атын қорғаған барлық балаларды құттықтаймыз. Болашақта сәттілік, жеңістер тілейміз. Бастауыш сынып мұғалімі: Е.А.Майлакова