Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71 жылдығына арналған квест-марафон
12-05-2016 04:14
06.05.2016 күні мектеп кітпханасында сайыстың салтанатты түрде ашылуы болды. Оқушыларға мекетеп кітапханашысы Қалиева Қ.А. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы кітаптар көрмесімен таңыстырды. Сайыстың мақсаты оқушылардың Ұлы Отан соғысы тақырыбында білімдерін жетілдіре білу. Сайысқа үш команда қатысты. Олар: 6 А сыныбының «ұлдар» және «қыздар» командалары мен 8А сыныбы. Барлық тапсырмалар бұл тақырып аясында болды. Мысалға: Павлодарлық батырлар құрметіне қойылған көшелер атаулары, қазақтың батыр қыздары, ҰОС тақырыбындағы әңдерді орындау, Кинофильмдерді атау, мозайка құрастыру. Сайыс мектеп ауласы мен мектеп ішінде 9 пункт бойынша өтті. Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, уақытты қызықты өткізді. 1 орынды 6 А сыныбының «ұлдар» командасы, 2 орынды 6 А сыныбының «қыздар» командасы, 3 орынды 8А сыныбы иеленді.