"Атамұра"корпорациясы байқау оқулықтары мен ОӘК-нің республикадағы 30 мектепте сынақтан өтуі" атты семинар
25-11-2015 08:50
Қараша айының 9-10 күні Алматы қаласында "Атамұра"корпорациясы ұйымдастырған "Атамұра"корпорациясы байқау оқулықтары мен ОӘК-нің республикадағы 30 мектепте сынақтан өтуі" атты семинар жұмысына қатыстық. Семинар "Атамұра"баспасынан ұсынылған байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарынан сынақтан өткізу барысында туындаған негізгі мәселелерді талдау мақсатында өтті.Тілді оқыту бағыты бойынша секция отырысында қазақ тілі пәнінің оқулығындағы мазмұнының сапасын жетілдіру жөнінде оқулық авторларымен тәжірибе алмасу болды.Байқау оқулықтарының сынақ барысындағы ескертулерін саралау және жетілдіру жолдары қарастырылды.Мектеп мұғалімдері оқулыққа және авторларға қойылатын талап-тілектерімен танысты.Осы кездесуде А.Ы.Қайырбекова және Г.Досмамбетова жаңа мазмұнда түзілген "Қазақ тілі" пәнінің оқу-әдістемелік кешені және оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы оның рөлі туралы өз пікірлерімен,ойларымен бөлісті. Семинарға қатысқандар: Толеубаева Г.М., Жуманова., Бакирова Г.М.