2015 жылдың 30 қазанында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқауы Қалалық мәдениет сарайында өтті. Біздің мектептен 28 қазанда іріктеу турдан өткен 7 «А» сынып оқушысы Тұрсынова Дильназ бен 5 «А» сынып оқушысы Жұмабаев Елдос қатысты. Байқау 4 сайыстан тұрды: 1) Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс. 2) Сұлтанмахмұт поэмасынан үзінді оқу. 3) Өлең қоржынынан кездескен өлеңді оқу. 4) Викториналық сұрақтар. Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы мен Мұқышова Бақыт Қиманқызы дайындады. Байқауға колледж, институт, университеттің студенттері қатысты. Қатысушылардың ішінде біздің оқушыларымыз ең кішкентай қатысушылар болды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.