Бірінші тоқсанның аяғында біздің мектепте Павлодар қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің қатысуымен «Жаңа білім беру мазмұның жаңарту аясында» атты облыстық семинар өтті. Тәжірибе өткізілетін бірінші сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер, бұл күні ашық сабақтар көрсетті. 1 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен Отбасы: «Біз біргеміз» тақырыбы бойынша сабақ өтті. Мұғалімі: Г.М.Бакирова. Сабаққа қатысқандар: Ә.О.Досмағамбетова , А.Ж.Қазанбаева, Г.Ғ. Құрманғалиева, М.Д.Сапарғали. Бұл күннің екінші жартысында НЗМ- нің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабаққа қысқа мерзімді жоспарды құру,бағалау критерийлерін дұрыс пайдаланып, белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану туралы айтылды.