«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы, рөлдік ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту»
29 қазан айында қазақ тілі апталығына арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шарбанова Қ.Б. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы, рөлдік ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту» өз білім жетілдіру тақырыбымен, мектепішілік мұғалімдерге шеберлік сағатын көрсетті.Мұғалім сабақта қолданылатын дидактикалық қөрнекіліктермен және әдістемелік құралдарымен бөлісті. Практикалық кезеңінде мұғалімдер топқа бөлініп тапсырмаларды да орындады. Мұғалімдер өз ризашылығын білдірді.