«Қазақ тілі декадасы» аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері көптеген іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. «Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптас тыру» деген әдебиет зерттеуші ғалым Қажым Жұмалиев пікірін басшылыққа ала отырып, 29 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мұқышова Бақтылы Қиманқызы «Көркем шығарманы іздендіре оқыту арқылы оқушылардың ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту» тақырыбында әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сағатына қатысқан мұғалімдер ұстаз қолданатын көптеген технологиялермен танысып, ризашылығын білдірді. Шеберлік сағаты пайдалы өтті. Қазақ тілі әдістемелік бірлестігі