Әдеби кеш “Арманы асқақ еді” – Қадыр Мырза Әлі – 80 жас
23-10-2015 08:27
2015 жылдың қазан айының 23 жұлдызында №39 жалпы орта білім беру мектебінің 7-8 сынып оқушылары А.Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасынада өткен әдеби кешке қатысты. Әдеби кеш “Арманы асқақ еді” – Қадыр Мырза Әлі – 80 жас –қа арналған болатын. Әдеби кешті жүргізудің басты мақсаты: оқушыларда қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзы Әлідің туындылары мен өмір баянымен танысу. Әдеби кеште ақынның тек жазушы тарапынан ғана емес, күйші және аудармашы ретінде де таңылуын айтпай кетуге болмайды. Әдеби кеште ақынның өлеңдері шырқалып, оқушылармен викторина ойыны жүргізілді. Әдеби кештің тәрбиелік мәні – Қадыр ағамыздай еліміздің ұлы тұлғасы, адал азаматы болу. Сонымен қатар оқушылар “Шығыстың жарық жұлдызы” Шоқан Уәлихановтың кітап көрмесін тамашалады.