Тілдер күніне орай 18 қыркүйек күні 5 сыныптар арасында «Тілім- мақтанышым» атты викторина өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ тілінен білгендерін ортаға салды. Әр топ оқушылары қарсыластарынан асып түсуге тырысты. Сайыс соңында сегіз де сегіз есебімен аяқталды. Оқушылар достық жеңді деген ортақ пікірге келді. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мұғалімдері Темірбаева Бақыт Жүнүсбекқызы мен Есембаева Бақтылы Иланбекқызы.