ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
2011-2020 жылдарға құрылған Қазақстандық білім беруді дамыту бағдарламасының нұсқауы бойынша 2017 жылдың 12 қыркүйегінде біздің мектепте "Павлодар дарыны" атты математика пəні бойынша ауызша қалалық олимпиадасының I кезеңі өтті. Олимпиадаға жалпы 15 мектептің 7-8 сынып арасынан 37 оқушы қатысты. Бұл интеллектуалдық сайыста біздің 8 "Г" сынып оқушысы Чернышев Сергей 1 орын,Половников Никита 2 орынды иеленді.
Енді олар облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.
Сергей мен Никитаның табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!