«МҰҒАЛІМ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?» атты сынып сағаты
9-қазан күні 7 «А» сыныбында «мұғалім қандай болуы керек?» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар топпен жұмыс жасап, мұғалімнің қасиеттері жайлы кластер дайындады. Мұғалімнің жұмысының жақсы-жаман жақтарын талқыға салды. Мұғалімнің мейірімділік, әділеттілік, ақылдылық, қаталдық секілді қасиеттеріне ерекше тоқталып өтті. Барша мұғалімдерге шығармашылық табыс пен бақыт тілейміз.
7 «А» сыныбының жетекшісі Ондер А.Р.