Қазан айының 27-сі күні «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық сайысы өтті. Іріктеу турынан 50 қатысушыдан 25 қатысушы байқаудың екінші турына өттік. Оқулар төрт кезеңнен тұрды. Қалалық болғанымен Баянауылдан, Шербақтыдан қатысушылар, қала колледждері мен университет, институт студенттері, оқытушылар да қатысты. Біздің 39 мектептен мен Тұрсынова Дильназ қатыстым. Менің жетекшім қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы. Менің әр жетістігіме жігер берген, бағыт берген адамның бірі. Жетекшіме өз атымнан және ата-аналарымның атынан алғыс білдіремін. Әр кезең өзінше қызық болды: театрланған көріністер, өлеңдерді мәнерлеп оқу, викториналық сұрақтарға жауап беру. Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді. Екінші күні 28 қазанда ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды Торайғыр аулына Баянауылға саяхатқа апарды. Онда Сұлтанмахмұттың мұражайын, табиғатына көз тоймайтын ауылын тамашаладық. Қатысушыларды келесі оқуларға жігерлендіру үшін жасалған өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Мен үшінші орынға ие болдым. Жақсы модельді ұялы телефон мен бағалы кітаптар сыйлады. Өзім поэзияны сүйетін, поэзияға жақын достар таптым. Мен оқуларға қатысқаныма өте қуаныштымын.
№39 мектептің 9 «А» сынып оқушысы
Тұрсынова Дильназ
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық оқулары