НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
13.12.2017 күні, тарих және география апталығы бойынша тарих мұғалімдері Ахмульдинов Б.Т. мен Жангазин А.К. ұйымдастыруымен, 6 сыныптар арасында «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалды сайысы өтті.
Бұл сайысқа 6 «Е», 6 «Ж», 6 «А» және 6 «Д» сыныптарының құрамасы белсенді қатысты. Сайыскерлер өте қызықты, әр түрлі деңгейлі, логикалық тапсырмаларды орындап, уақыттарын қызықты өткізіп, сыныптан тыс , қосымша білім алды.
Сайыстың қорытындысы бойынша: 1- орынды 6 «Е» сыныбы, 2-орынды 6 «А» мен 6 «Д» сыныптар құрамасы, 3-орынды- 6 «ж» сыныбы иеленді. Сайыскерлер сайыстың соңында мадақтау қағаздарымен марапатталды.