Жаңа жыл- мерекесі жақындап келеді! Кейбір адамдарға ШЫРША жаңа жылдық ағаш болып саналады! Ол адам өмірінде ең маңызды орында. Жасыл шыршамен жаңа жылды қарсы алу ежелгі дәстүрге айналып барады.
Біздің заманымызда Жаңа жылдық мерекеге өте көп жасыл шыршалар кесіледі. Бұл дәстүр Жердің қылқанды ормандарына қауып-қатерге алып соғады! Қылқанды орманды өсіру үшін 100-120 жыл уақыт керек. Ал біз жаңа жылға шыршаларды 10-12 күнге безендіреміз содан соң олар қоқысқа кетеді. Жануарларға, құстарға үй ретінде көп жылдар өсуге мүмкіндіктерінен айырамыз.
Біздің №39 мектепте жыл сайын шыршаларды сақтау мақсатында «Орманда шырша өсіпті...» акциясы өтеді. 4-6 сынып оқушылары көмекші құралдардан шырша жасайды.Олар қолдан жасалған шырша бұтақтары, мишура, қағаздан.
Сондықтан біз орманнан шауып алған шыршаны емес, керісінше қолдан жасаған шыршаны безендіруге шақырамыз, сонымен қатар біз табиғатты қорғауға ат салысамыз!
Аға жетекші Гашева А.А.
СҰЛУ ЖАЗЫЛ ШЫРШАМЫЗДЫ САҚТАЙЫҚ!