28 ақпан айында 8Е сыныбымен «Туберкулез және оның алдын алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтының негіздерін үйрету, өз денсаулығы жайлы баяндау, бағалай білу және сақтау, туберкулездің туындау себептері туралы айту, туберкулездің адам ағзасына деген әсерін, ой-өрісін және танымдық қызметін дамыту ,алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету, оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыру үшін меншікті стратегиялар мен технологияларды сақтау және денсаулығын нығайту. Дөңгелек үстелге мектеп дәрігері педиатр Серікпай Жұмабай Жақсылықұлы арнайы шақырылды. Дәрігер балаларға флюрография суреттерін көрсетті, ал балалар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Іс-шара соңында дәрігер балаларға туберкулез дегеніміз не, пайда болу жолдары, инфекцияның организмге жұқтыру көзі, алғашқы белгілері туралы брошуралар үлестірді . Балалар өте қызықты, пайдалы ақпараттар алды.
Сынып жетекшісі: Темірбаева Ж.Қ.