Математика апталығы шеңберінде 6 сыныптар арасында «Математика денсаулық соқпағында» атты байқау өткізілді. Байқауда әр сыныптан 6 адамнан қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын адамзаттың жалпыға ортақ мәдениеті элементі ретінде тану, оқушылардың танымдық қызығушылығын жоғарлату, шығармашылық, қызығушылық, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту, оқушылардың ой өрістерін кеңейту, қоғамдағы жақсы мінез-құлық дағдыларын дамыту болып табылады. Байқау келесі кезеңдерден тұрды: • Командаларды таныстыру; • Сергіту сәті; • Капитандардың байқауы; • Математикалық сөздік. Байқаудың жеңімпаздары 6 «Д» сыныбы болды.
Байқауды ұйымдастырушы Хасанова Толкын Ибрагимовна, математика мұғалімі Ибраева Дамеля Мухамедрахимовна.
«МАТЕМАТИКА ДЕНСАУЛЫҚ СОҚПАҒЫНДА»