«КНИГОГРАДҚА» САЯХАТ
![«КНИГОГРАДҚА» САЯХАТ](/media/img/blogs/5bc9cb562abd4.jpg)
Кітапхана- бұл білім бұлағы. Мұнда, стеллаждар биіктігінен дана және ерекше қызықты кітаптарды көреміз. Қазан айында 1 «д» сынып оқушылары үшін кітапхана өз есігін ашты. Кітапханашы Қорлан Ағзамқызы балаларды кітап қорымен, кітапхананың ережелерімен таныстырды. Балалар кітаптар адамзаттың ең ғажайып өнертабысы екенін білді. Олар қызығушылықпен қарап, бір-бірімен әсерлерімен бөлісті. Экскурсия барысында балаларға кітап туралы мақал-мәтелдер мен викторина ұсынылды.