«Денсаулыққа арналған рецептер»
«Рухани Жаңғыру» және салауатты өмір салты бағдарламасын өткізу аясында 2 «Г» сыныбында «Ағзаға пайдалы тағамдарды дайындау рецептері» атты жобалар қорғалды. Іс-шара барысында балалар дұрыс тамақтанудың құпияларын, дәмді және пайдалы тағамдардың рецептілерін ашып, өз буклеттерін ұсынды. Бұл іс-шараның мақсаты Оқушыларды дұрыс тамақтануға тарту болды.