"Ата-аналар жиналысы"
"Балабақшамыздағы сауықтыру мен шынықтыру жұмыстары" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі бойынша басшы А.Т.Қазыбаева таныстырып шықты. Жиналыс барысында тренинг өткізіліп, әлеуметтік педагог, психолог, логопед, әдіскер баяндамаларды оқып, кеңестер берді. Сауалнама жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Ата-аналар түрлі сұрақтарын қойып, соңынан "Жанұя бақыты" рефлексиясымен қорытындыланды.